KazRena - Ассоциация пользователей научно-образовательной компьютерной сети Казахстана

Жаңалықтар

15.09.17 / Ғаламтор Қоғамының тарихына 25 жыл болды

Ғаламтор Қоғамының тарихына 25 жыл болды.

 

Ғаламтор әр адамзатқа ұранын ұстаған, жаһандық қоғамдастықтың негізі 1992 жылы басталды. Сол уақыттан бері біз көп жолдарды өттік, ал бүгінгі таңда біздің миссиямыз ешқашан да аса маңызды да немесе аса күрделі де болмады.

 

Бұл көрнекті жыл біздің барлығымызға бай мұрамыз туралы ойлауға және келесі 25 жылда Ғаламторға қандай әсер тигізе алатынымызды қарастыруға, бірегей мүмкіндік береді. Біздің қоғамдастық болашаққа қатысты қабылданатын шешімдерге басшылық етуде маңызды рөл атқарады.

 

 

25.06.15 / С.Торайғыров атындағы ПМУ делегациясымен кездесу

2015 жылдың 16 маусым күні «Тұран» университетінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Өрсариев Арын Амангелдіұлы бастаған делегация болды.

Делагация құрамына проректорлар Арман Акишев , Нұрлан Ержанов, департамент директорлары Манат Келдібеков, Ақмарал Қайырбаева, Нұрлан Күдеров және т.б. кірді. Делегациянын негізгі мақсаты – университет құрамы және қызметімен танысу, болашақта білім жүйесін дамытуда бірге жұмыс атқару болды.

Кездесу барысында делегация «КАЗРЕНА» бас кеңсесінде болып, Ассоциацияның негізгі бағыты мен техникалық базасымен танысып өтті. Және де екі жакты қарым-қатынасты одан ары күшейтіп, дамыту істерін жүргізу туралы сұрақтары қарастырылды.


 


 

 
Наши партнеры: